составить расказ про атырау
1-4 класс
|
Атырау – Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала. 1991 жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңіз жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Атырау қаласы Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі.
Атырау қаласында танымал Жайық өзені ағып өтеді. Жайық қаланы Ероупа және Азия аймақтарына бөледі. Әу бастан, қала Жайық өзенінің жағасында салынды, кейін 30 шақырымға шегінді.
Атырау қаласы салынғаннан кейін балық шаруашылығы мен мұнай өндіру саласықарқынды дами бастады. Уақыт өте келе бұл салалар қаланың ғана емес, күллі елдің ірі салаларына айналды. Атырау қаласында республика бойынша тұңғыш рет мұнай тазарту, мұнай өндіруге қажетті құрал-саймандар шығару, балық консервілеу сияқты зауыттар тұрғызылып, іске қосылды.
2009 жылы өткізілген халық санағы нәтижесінде Атырау қаласының тұрғындарының саны 163 мыңға жеткен. Қалада жеті мешіт, бір православ мен үш протестант шіркеулері тұрғызылған.